«Ұстазым-ұлағатым,үлгі өнегем»

12.11.2013

Ұстаз-біздің шыңға шығуымыздың басты себепшісі.
6- қазан күні ұстаздар мерекесіне орай тәрбиеші Тотаева Ұлжан апайдың ұйымдастыруыменен 10 «г» сыныбы ұстаздарға арнап тәрбие сағатын өткізді. Бұл тәрбие сағатта ұстаздарға арналып сыңғырлата ән айтылды, күмбірлете күй тартылды. Тәрбие сағатына: 10 «б» сынып оқушысы Құлдыбаев Шыңғыс, 9 «б» сынып оқушысы Ходжалипесова Айдана, мектептің күйші қыздары «Керғұлы» күйімен белсене атсалысты.
Тәрбие сағатта педагог- психолог Өмірәлиева Гүлзипа Төребекқызына және 8 «а» сыныбының тәрбиешісі Сидинова Гүлсім Өтебекқызына сөз берілді. Олар өздерінің оқушыларға деген ыстық лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, тәрбие сағат соңында оқушылар ұстаздарды тағы да мерекесімен құттықтап, өлеңдете тұрып шоқ гүлдерін ұсынды.

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат».

2-full

1-full

3-full

Дәл осындай тақырыпта мектебімізде мектеп Парламентінің ұйымдастыруменен үлкен іс-шара, анығырақ айтсақ табиғат тақырыбындағы суреттердің көрмесі өткізілді. Бұл көрмеге оқушылар 200-ге жуық туындыларын ұсынды.
Суреттер арасында көрермен назарын өзіне аударып, таң қалдырған туындылар да болды. Бұл туындылар оқушыларға табиғаттың қаншалықты әсем екенін ұғындырғандай. Қатысушылар арасынан өзінің ерекше туындысымен көзге түскен оқушылар мадақтамалармен марапатталды. Атап айтсақ: бас жүлде 9 «в» сынып оқушысы Алишеров Бағдатқа, 1-орын 9 «а» сынып оқушысы Сұлтанов Мұхаммеджанға, 2-орын 7 «а» сынып оқушысы Қалдаров Төлебиге, ал 3-орын 7 «б» сынып оқушысы Ұласбек Инабатқа тапсырылды.

Сол бейне.

Бұл күндер де ескірді, амал қанша,
Жылдар жылдам жоғалды құландарша.
Бір аяулы қаракөзбен сырласушы ем,
Ел жатып, түн ауғанша.

Жүйрік жылдар соңына қарасын ба?
Сақталды ғой көзімнің қарасында.
Бір аппақ қыз ерекше еді мен үшін,
Біздің сынып қыздарының арасында.

Бала кезең көп істі тындырмаған,
Маған терең ой салады асқақ далам.
Жүрегімде күлкісі күлімдеген,
Құлағымда дауысы сыңғырлаған.

Туған жер.

Топырағыңнан айналайын туған жер,
Иісіңді сездіреді соққан жел.
Сәби едім, сен құшаққа алғанда,
Енді қане көркейтейін маған кел!

Саған ғана арналады өмірім,
Ыстық маған тасың, суың, байлығың.
Мөлдір, таза бұлағыңанан дәм татпасам,
Тыншымайды ешқашанда көңілім.

Шығармаймын сені бір сәт ойымнан,
Өзің барда қуат кетпес бойымнан.
Алтын, күміс, гауһар менен жақұтың,
Артық емес сенің тезек, қиыңанан.

Ермахан Ернұр,
7 «в» сынып оқушысы.
Лес Жанерке Ғалымжанқызы,
6 «а» сынып оқушысы.
Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат