Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспораларына арналған «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім — ана тілім» атты X Халықаралық олимпиадасының БАСПАСӨЗ- ХАБАРЛАМАСЫ

31.10.2013

Шетелде тұратын қазақ диаспорасының ерекше дарынды балаларын анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, ТРК «Қазақстан» және Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының қолдауымен ағымдағы жылдың 24-28 маусымында Қазақ Ұлттық өнер университетінің базасында «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазақ диаспораларына арналған X Халықаралық олимпиадасын өткізеді.

Олимпиаданың негізгі мақсаты қазақ диаспорасы балаларының ана тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен өнері бойынша танымдық қабілетін дамыту, әлемнің әр елдерінде тұратын қазақ жастарының достық байланыстарына ықпал ету, қазақ диаспорасы өкілдері арасында қазақ тілін меңгеру, мәдениетінің деңгейін көтеру және еліміздің тарихына, Қазақстанның қазіргі дамуына қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Олимпиадаға Германия, Австрия, Голландия, Венгрия, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Моңғолия, Қытай, Ресей Федерациясының Мәскеу, Омск және Алтай өлкесі құрама командалары келеді деп күтілуде.

Халықаралық олимпиада шеңберінде отандастарымыздың «Нұр Отан», халықтық партиясы «Жас Отан» жастар қанатымен, қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары ақын–жазушылармен кездесу, Қазақ драматикалық театрының спектаклін тамашалау және тарихи ескерткіштерге саяхаттар жасау жоспарланған.

Олимпиаданың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, грамоталармен марапатталады.

Олимпиаданың ашылуы 2013 жылғы 25 маусымда сағат 11.00 де Қазақ Ұлттық өнер университетінің концерт залында өтеді.

Олимпиаданың жабылуы 2013 жылдың 28 маусымында сағат 11.30 да Қазақ Ұлттық өнер университетінің концерт залында өтеді.

Қосымша мәліметтерді Астана қ., Жеңіс даңғылы, 16/1

Телефондар 8 (7172) 44-53-51, 44-53-52,

e-mail: baitukova.baian@mail.ru

«Дарын» РҒПО-нан алуға болады

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат