Бастауыш мектеп оқушылары арасында «Бастау» VI республикалық математикалық турнирін өткізу туралы ақпараттық хат

31.10.2013

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласында математикалық қабілеттері ерте оянған төменгі сыныптардың дарынды оқушыларын айқындау, қолдау әрі дамыту мақсатында О.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернаты базасында жыл сайын төменгі сынып оқушыларының «Бастау» Республикалық математикалық турнирі (бұдан әрі – Турнир) өтеді.

Ереже бойынша Турнирге республиканың жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлерінің, гимназияларының, мектеп-интернаттарының 2-4 сынып оқушылары қатыса алады.

Турнир 2 кезеңнен тұрады:

I кезең – аймақтық ( осы жылдың 20 мамырына дейін);

II кезең — қорытынды – республикалық.

Турнирдің қорытынды кезеңі маусымның 14 мен 18-не дейін өткізіледі.

Қорытынды кезеңге әрбір облыс, Астана мен Алматы қалалары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ — әрқайсысы 2 командадан қатыстыра алады. (Бір команда орыс тілінде оқытатын, екінші команда қазақ тілінде оқытатын сыныптан). Әрбір команда құрамына 4 адам кіреді: 3 оқушы және 1 команда жетекшісі (жаттықтырушы, 2-сыныптан — 1 оқушы, 3-сыныптан – 1 оқушы, 4-сыныптан – 1 оқушы).

Облыстық, Астана мен Алматы Білім басқармалары, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ААҚ 1 маусымға дейін ұйымдастыру комитетінің атына Турнирдің I кезеңінің өткізілген қорытындылары туралы және қорытынды – ІІ кезеңге қатысуға өтініш хат берулері керек. Өтініш хатта қатысушының тегі, аты-жөні, облысы, мектебі, сыныбы, оқу тілі, жетекшінің тегі, аты-жөні, байланыс телефоны, электрондық поштасы, сондай-ақ қатысушыны дайындаған математика мұғалімінің де мәліметтері көрсетілуі қажет.

Турнирдың аясында математикадан бастауыш сынып мұғалімдеріне -команда жетекшілеріне оқыту семинары өткізіледі деп жоспарланып отыр.

ІІ кезеңге қатысушылардың келуі – 14 маусымға, кетуі – 18 маусымға 18.00 сағаттан белгіленген. Жабылуы және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау салтанаты — 18 маусым.

Іссапар шығындарын (келіп-кетуі, тамағы мен тұруын) жіберуші тарап өтейді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 16/1, тел: 8(7172) 445-348, факс: 445-352, e-mail: z.amanova007@mail.ru

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат