Конкурстар, семинарлар

31.10.2013

2012 жылы ИПТ зертханасының өткізген іс-шаралар тізбесі

1. Білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері үшін «Жалпы білім беретін пәндерді оқыту әдістемесіндегі инновациялар» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинары (бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиеті (қазақ мектептерінде), тарих және дінтану мұғалімдері үшін) 4-7 қаңтар 2012 ж., «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы», Шучье қ. (қатысушылар саны –120)

2. «Білім беру жүйесінде ақпараттық коммуникациялық инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жеке тұлғаның құзіреттілігін қалыптастыру»атты республикалық семинар, 20 ақпан 2012 ж., Ы. Алтынсарин атындағы №159 мектеп-гимназиясы, Алматы қ. (қатысушылар саны-88)

3. Білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері үшін «Жалпы білім беретін пәндерді оқыту әдістемесіндегі инновациялар» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинар (биология, химия, «Дүниетану», мектеп-интернат тәрбиешілері) 26-30 наурыз 2012 ж., «Балдәурен республикалық оқу-сауықтыру орталығы», Шучье қ. (қатысушылар саны –144)

4. «Дарынды балаларға арналған мектеп мұғалімдерінің кәсіби визуалды құзіреттілігі: білім беру сапасын арттыру мониторингін ұйымдастыру және дамыту» атты республикалық семинар 12-13 сәуір 2012 ж., Жамбыл облыстық ерекше дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернаты, Тараз қ. (қатысушылар саны-60)

5. Химия пәнінен оқушылардың 46-ы Халықаралық Менделеев олимпиадасы іс-шаралары аясында өткізілген «Қазіргі заманғы мектепте химия пәнін оқытудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік семинары, 24-26 сәуір 2012 ж., Астана қ. (қатытушылар саны 52)

6. «Дарынды балаларға –талантты ұстаз» VІІ Республикалық педагогикалық олимпиада, 3-5 сәуір 2012 ж., Жаркент гуманитарлық техникалық колледжі, Жаркент қ. (қатысушылар саны-200)

7. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің педагогтары үшін тамыз педагогикалық кеңесі, 9-11 тамыз, 2012 ж., Алматы қ., Алатау шипажайы (қатысушылар саны-200).

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
№1 үш тілде оқытатын мамандандырылған
мектеп-интернат