Шымкент қаласының білім басқармасы «Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған ІТ лицей-интернатының» әкімшілігі Сіздерге қашықтықтан оқу кезінде туындаған мәселелер жөнінде мектептің Call-орталық номерлеріне тәулік бойына хабарласуларыңызға болатынын хабарлайды!
Сіздер Call-орталықта көрсетілген байланыс номерлеріне қоңырау шалу арқылы ұл-қыздарыңыздың білім алуына байланысты туындаған мәселелер мен сауалдарыңызға, айтар ұсыныстарыңызға шұғыл әрі сапалы жауап ала аласыздар.
Сіздердің әрбір пікірлеріңіз біз үшін маңызды!
БИІК БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУДА БІЗ БІРГЕМІЗ!