Арулар-асыл жандар

11.04.2014

Наурыз айының бесінші жұлдызында көктемнің алғашқы жаршысындай мереке- 8-наурыз Халықаралық әйелдер, қыз-келіншектер күніне орай мектебімізде «Көктем аруы-2014» байқауы ұйымдастырылды. Жыл сайын өткізілетін әрі дәстүрге айналған бұл сайыс-мектептің ару қыздарының қарым-қабілетін, икемділігін, өнерін, қазақ қызына сай қасиеттерін көрсететін дүбірлі доданың бірі.
Сайысқа 9 «а» сыныбынан Лесбек Жібек, 9 «б» сыныбынан Ходжалипесова Айдана, 9 «г» сыныбынан Мақұлбек Жайна, 10 «а» сыныбынан Райымбекова Айдана, 10 «в» сыныбынан Тұрдалы Аяулым, 10 «г» сыныбынан Жолдасбаева Диана қатысты. Ал дәл осы сайыста аруларымызға әділ баға беретін әділқазы алқаларының құрамында педагог-психолог Өмірәлиева Гүлзипа Төребекқызы, тәрбиешілер сапынан Тастанбекова Сапаркүл, Ортаева Меруерт, ал ұстаздардан Алибаева Балжан, Есімханова Лаура сынды апайлар болды. Аруларымызға қолдау көрсеткен көпшіліктің әрі ән шырқап, тамаша би билеген өнерлі жастарға деген қошеметтің әсерінен болар, сайыс өте тартысты өтті. Бірнеше қызықты бөлімдерден тұратын сайыста әділқазылардың шешімі бойынша бас жүлдеге 10 «г» сынып аруы Жолдасбаева Диана ие болды. Сайыс соңында сөз алған мектеп-интернат директоры Бегалы Сардарұлы нәзікжандыларды мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат