Ана-өмірдің шуағы

11.04.2014

Көктемнің шуақты мерекесіне байланысты наурыз айының төртінші жұлдызында 8 «б» сынып оқушыларының «Ана-өмірдің шуағы» атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Иә,шынында өмірде ананың мейірімі мен ыстық құшағына тең келер ештеңе жоқ емес пе!?Анасыз бұл өмірде жылулықты сезінбес едік.Ананың қадір-қасиеті қашанда биік тұратыны хақ.Тәрбие сағатының мақсаты да сол-ана қадір-қасиетін ұғындыруда.
8 «б» сынып тәрбиешісі Нұрмаханова Нұргүл Асылханқызы тәрбие сағатқа келген аналармен пікірсайыс ұйымдастырып,ой бөлісті. «Бүгінгі қыз-ертеңгі ана» атты шағын сұхбат барысында аналар бүгінгі қыз тәрбиесіне байланысты пікірлер білдіріп,өз ойларын ортаға салды.Өмірлік тәжірибесі бар аналардың құрамында көп балалы ана-Бейсенова Шәкизат болды.Ол қыз тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді айтып өтті.Сонымен қатар,тәрбие сағат барысында қазақ вальсінің корольі атанған Шәмші Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» әнінің шығу тарихы туралы айтылып,дәл осы ән көрермен қауыммен бірге орындалды.Тәрбие сағат соңында аналарға арналып өлеңдер оқылды және гүл шоқтары ұсынылды.

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат