Қазақ тілі әдістемелік бірлестігінің апталығы туралы қорытынды есебі.

14.02.2014

Қазақ тілі пәндік әдістемелік бірлестігінің ұйымдстыруымен қаңтар айының 27-сі мен ақпан айының 1-і аралығында «Бір тіл, бір халық, бір ел» атты тақырыпта қазақ тілі мен әдебиеті пән апталығы өтті. Апталықтың іс-шара жоспары алдын – ала жоспарланып, бекітілді. Апталық барысында әдістемелік бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар, сабақтан тыс іс-шара және соңғы күнінде қорытынды кеш өткізілді.
Апталық барысында өткізілген ашық сабақтарда Кембридж әдіс-тәсілдері, «Блум» таксономиясы бойынша мұғалімдер «Сағат», «Сэндвич» әдістері, критериалды оқыту және бағалау, топтық жұмыстарын жүргізді. Сабақтарда әртүрлі щығармашылық тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады.
Ал 9-сыныптар арасында сыныптан тыс «Айтылмаса – сөз жетім» атты дебат өткізілді. Аталған іс-шараға қатысқан оқушылар жақсы дайындалған. Дебат жақсы деңгейде өтті. Апталықтың соңы «Бір тіл, бір халық, бір ел» атты қорытынды кешімен аяқталды. Кеш патриоттық тұрғыда, тәрбиелік мәнге көп көңіл бөлінді. Жалпы алғанда апталықтың барысы жақсы деңгейде өтті.

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат