«Тәуелсіздік — тұғырым»

19.01.2014

14-желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесіне орай мектебіміздің «домбыра», «драма» үйірме мүшелерінің қатысуымен тәуелсіздіктің іргелі белесі саналатын 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына байланысты қойылған көріністер тұла бойды шымырлатып, көрермен қауымның көзіне еріксіз жас алдыртты.
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың,
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның! — азамат ақын Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңі де осы іс-шара барысында орындалды.
Қазақ тарихында ойып алар орны бар Тәуелсіздің 22 жылдық мерекесін мектеп-интернатымыз бірқатар осы секілді іс-шаралармен атап өтті.

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат