«Ұлттық патриотизм — білімді ұрпақ бойында»

19.01.2014

Дәл осындай тақырыпта желтоқсан айының 9-14-і аралығында «ғасырдың үш тірегіне» айналған математика, физика, информатика пәндерінің апталығы болып өтті.
11- желтоқсан күні 9- сыныптар арасында «ХХI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 9 «а» сынып оқушылары Дәурен Ақтілек, Өтеген Бекет, 9 «б» сынып оқушысы Жолтаев Рамазан, 9 «в» сынып оқушысы Мамытбек Нұрболат, 9 «г» сынып оқушылары Ерсұлтан Меруерт пен Шырынбек Айдана қатысты. Сайыс 5 бөлімнен тұрды:
1. «Бәйге»
2. «Көкпар»
3. «Дода»
4. «Тапқырлық»
5. «Жорға»
Сайыс ережесі бойынша әр бөлім өткізілген бойда ең аз ұпай жинаған оқушы ойыннан шығарылып отырылды. Сайыс қорытындысы бойынша «ХХI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысында Өтеген Бекет жеңіске жетті. Сайысқа қатысушыларға мектеп әкімшілігі тарапынан түрлі сыйлықтар тарту етілді.
12- желтоқсан күні «Қазақстанға АЭС қажет пе?» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды. Пікірталасқа жақтаушылар тарапынан 10 «г» сынып оқушыларынан құралған «Парасат» тобы, ал даттаушылар тарапынан 10 «а» сынып оқушыларынан құралған «Ақиқат» тобы қатысты. Пікірталас барысында «Парасат» тобы АЭС салу арқылы энергия өндіру мөлшерін көтеру мәселесін көтерсе, «Ақиқат» тобы экология мәселелерін, АЭС-тің адамға тигізер зияндарын ортаға салды. Осылайша тартысты өткен пікірталастың қорытындысы бойынша екі тараптың да ойлары ұтымды екендігі тұжырымдалды. Пікірталас соңында қатысушалар марапатталды.
Апталықтың қорытынды кеші 13- желтоқсан күні болып өтті. Тақырыпқа сай, тәуелсіздік мерекесінің орайласа келуіне байланысты қорытынды кеште Желтоқсан оқиғасына байланысты «Желтоқсан желі» әні орындалып, көріністер қойылды. Сонымен қатар, 6- сынып оқушылары да өз өнерлерін лайықты көрсете білді.

ulttyk-patriotizm

Қабылдау комиссиясы
Банерлер
Резюме жіберу
Шымкент қаласы білім басқармасы
Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат