Мектебіміздің оқушыларының білімін, өнерін шыңдау үшін пән апталықтары басталып кетті.
Ең бірінші мектепте болып өткен пән апталығы- ағылшын пәні апталығы болды. Апталық 7-11-қазан аралығын қамтыды және 11 қазан күні ағылшын пәні апталығының қорытынды кеші болды.
Апталыққа орай, түрлі тақырыптарда ашық сабақтар өткізілді.
10-қазан күні 11-сыныптар арасында елтану пәні бойынша сайыс өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды 11 «г» сынып оқушылары иеленді.
Қорытынды кешке орай 10 -сыныптар арасында «Best of the best» атты жарыс болып өтті. Бұл сайыста оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Өздері де білім деңгейлерінің жақсы екенін дәлелдеді. Бұл сайыста ағылшын тілінде өлеңдер шырқалды. Сайыс соңында сөз алған мектеп-интернатымыздың директоры Боранбаев Бегалы Сардарұлы бас жүлдені 10 «а» сыныбына тапсырды.
Ең қызығы оқушылар назарын аудара білген Flesh mob-би марафоны. Бұл марафонда мектеп оқушыларынан құралған топ көрермендерге өз сахналық өнерлерін ұсынды.